«Құқық әлемінде» онкүндігі » "Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2018

«Құқық әлемінде» онкүндігі

2018ж «Қарашілік орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

«Құқық әлемінде» онкүндігінің мәліметі

Аудандық білім бөлімінің нұсқау хатына сәйкес

 19.10-29.10аралығында «Құқық әлемінде » онкүндігі өтті. Мектепішілік бұйрық шығарылып, іс-шара жоспары бекітілді.

Жоспарға сай «Мен және менің құқығым» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары өтті.

Мақсаты: оқушылар арасында мектеп ережесін,оқушы құқығы жайында түсінік беру.

Қазанның 22 күні бастауыш бірлестік жетекшісі К.Ш.Алсайдың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында «Сен Конституцияны білесің бе?» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары арасында конституцияның тарауларымен,баптарымен таныстырып өту.

Қазанның 23 күні  «Заңды білу міндет» тақырыбында ұлдар ұйымының жетекшісі А.А.Махмутов, БӘД жетекшісі І.А.Махмутов ұлдар жиналысын өткізді.

Мақсаты: ұлдар арасында жеке бас гигиенасын сақтау,зиянды заттардан аулақ болу,мектеп ережесін сақтау,өз міндетін білу және қолдану

Қазанның 23күні оқушылар арасында әлімжеттіктің орын алуының алдын алу,бопсалау бар жоғын анықтау мақсатында педагог-психолог Н.З.Қожахметова жасырын сауалнама алды.

Нәтижесінде оқушылар арасында жәбірлеу, әлімжеттік көрсету,бопсалау жоқ екендігі анықталды.

24.10.2018ж күні «Өз құқығың мен міндетіңді білгенің абзал» тақырыбында 7-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқушылар арасында өз құқығын,міндетін сақтай отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу

Жас Ұлан ұйымының құқық министрі Д.Сағнай 8-9 сынып оқушыларымен «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында пікірталас өткізілді.

Ай сайын жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу  мақсатында «Балалар түнгі қалада» түнгі кезекшілік құрылды.

Кезекшілік кестесі ай сайын өзгертіліп отырады.

 

                       Мектеп директоры                         Г.М.Айтбаева

Орындаған

ДТІЖО

Б.М.Баденова