Іс-шаралар » Страница 9 » "Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көңілді жаз!
24
июнь
2021
Көңілді жаз!
2020-2021 оқу жылының жаз мезгілінде "Қазақстан балалары жазды қуанышқа толтырайық!" тақырыбында мектеп жанындағы Күншуақ лагері жұмыс істеді. Лагердің жұмыс жоспары жасалып, бұйрық шығарылды. 1-кезеңге Л.Қ.Мухаметкалиева мен Г.М.Мухаметкалиева, 2-кезеңге А.К.Исабекова мен Г.Т.Баймуханбетова жетекшілік етті. Жоспарға сай оқушылар арасында мәнерлеп оқу, сурет байқауы, мақал-мәтел жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
"Гүл ек, тал ек,туған жерді түлет!" ағаш отырғызу акциясы
08
апрель
2021
"Гүл ек, тал ек,туған жерді түлет!" ағаш отырғызу акциясы
2021 жылдың 8-сәуірі күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп ауласына  "Гүл ек, тал ек, туған жерді түлет!" тақырыбында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Ағаш отырғызу барысында санитарлық талаптар қатаң сақталды. 22 түп жеміс ағаштары отырғызылды.
"Гүл ек, тал ек,туған жерді түлет!" ағаш отырғызу акциясы
08
апрель
2021
"Гүл ек, тал ек,туған жерді түлет!" ағаш отырғызу акциясы
2021 жылдың 8-сәуірі күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп ауласына  "Гүл ек, тал ек, туған жерді түлет!" тақырыбында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Ағаш отырғызу барысында санитарлық талаптар қатаң сақталды. 22 түп жеміс ағаштары отырғызылды.
Көктемгі демалысты қалай өткіздім?
30
март
2021
Көктемгі демалысты қалай өткіздім?
Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінде "Қазақстан балалары -көктем шақырады!" тақырыбы аясында 27-наурыз күні 6-сынып оқушылары арасында "Көктемгі демалысты қалай өткіздім? тақырыбында видеориликтер ұсынылды 28-наурыз күні Игі істер күні деп алынып  Тимуршылар тобының жетекшісі Д.Қ.Нұрахметтің ұйымдастыруымен көмекті қажет ететін отбасыларға ауласын тазалап көмек көрсетілді 29-наурыз күні "Мұражайға саяхат" тақырыбында әлемдік және Қазақстанның тарихи мұражайларына виртуалды саяхат жасалды.
Қызықты каникул күндерім!
25
март
2021
Қызықты каникул күндерім!
Қарашілік орта мектебінде 2021 жылдың 23-наурызы күні "Жоралғы күні" деп аталып, 5-сынып оқушылары ұмыт бола бастаған жоралғыларды жаңғыртып, заман талабына сай дамытып, ата-аналарына өз қолдарымен жасалған сыйлық ұсынды. 24-наурыз күні "Табиғат күні" тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімі Б.З.Қожахметова "Терезедегі бақ" тақырыбында бейнеролик дайындады 25-наурыз күні Шымырлық пен шеберлік күні салауатты өмір салтын сақтауға,өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру
"Қазақстан балалары көктем шақырады!"
22
март
2021
"Қазақстан балалары көктем шақырады!"
Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінде 20-31 наурыз аралығында "Қазақстан балалары -көктем шақырады!" тақырыбында көктемгі каникул шаралары ұйымдастырылды. Мақсаты: каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану 20-наурыз -Даналық пен білім күні деп аталып 1-4 сынып оқушылары арасында мақал-мәтелден, жаңылтпаш, жұмбақ жасырудан жарыс ұйымдастырылды. 21-наурыз "Ұлттық тағамдар күні" 7- сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Мажу Жекебайдың ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Бұл күні
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
19
март
2021
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінде 2021 жылдың 19 наурызы күні 2-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Л.Қ.Мухаметкалиеваның ұйымдастыруымен "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрін үйрете отырып және оны құрметтей білуге тәрбиелей отырып, "Наурыз" қазақтың ұлттық мейрамы екенін түсіндіру
Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз!
15
март
2021
Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз!
Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінде 2021 жылдың 15 -наурыз күні "Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз" тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, ұмыт болған ойындардың шығу тарихы насихатталды.
"Мен таңдаған мамандық"
12
март
2021
"Мен таңдаған мамандық"
Алматы облысы, Ақсу ауданы,Қарашілік орта мектебінде 2021 жылдың 12 наурыз күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығыны орай "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында мамандық таңдау бойынша 11-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Н.А.Есімбекова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әр мамандықтың өз қиындығы болатыны,мамандық таңдауда жаңылмай өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау керектігін түсіндіріп, кеңес берді.
Мен неге құқылымын
05
март
2021
Мен неге құқылымын
Қарашілік орта мектебінде 2021 жылдың наурыз айының 05 күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Құқықтық мәдениет" жобасын іске асыру бойынша 7-8 сынып оқушыларымен "Мен неге құқылымын" тақырыбында пікіралысу, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға заң, құқық сөздерінің мағынасын түсіндіре отырып, "Бала құқықтары туралы"  конвенциясымен таныстыру жүргізілді.