Тұғыры биік -Тәуелсіздік!
Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінде 2020 жылдың 14 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай "Тұғыры биік-Тәуелсіздік" тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды. 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаты өткізіліп, бейнероликтер әзірленді. 5-сыныптың озат оқушылары "Жас Ұлан" ұйымының қатарына қабылданып, туымыз түстес галстук тағып, ант қабылдады.