Материалы за Март 2025 года » "Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Жігіт сұлтаны -2025
18
март
2025
Жігіт сұлтаны -2025
Ақсу ауданы,Қарашілік орта мектебінде 22-Наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай ұлдар ұйымының жетекшісі Д.Қ.Нұрахметтің ұйымдастыруымен "Жігіт сұлтаны -2025" байқауы өтті. Мақсаты: ата салтын насихаттай отырып, қазақ жігітінің бойындағы өнерін көрсету, тапқырлыққа баулу, сахна мәдениетін үйрету Байқау нәтижесінде 8-сынып оқушысы Батырбек Қуанышбек "Жігіт сұлтаны -2025" атанды.
"Шалқан" ертегісі
17
март
2025
"Шалқан" ертегісі
Қарашілік орта мектебінде "Балапан" шағын орталығының тәрбиеленушілерімен "Шалқан" ертегісі сахналанды. Мақсаты:Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын,қиялын дамыту, домжануарларының дыбысын ажырата білу.Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16
март
2025
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні! Бұл күн – ата-бабамыздан мирас болып қалған салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, мәдени мұрамызды жаңғыртатын ерекше мереке. “Мәдениет ұлттық салт -дәстүр” күні атты тақырыбында мектеп кітапханашысы Ғ.Т.Айтпекованың ұйымдастыруымен «Ұлт дәстүрі» атты тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Халқымыздың дүниетанымы , салт дәстүр, әдет ғұрыпы мен наным- сенімін, төл мәдениетіміздің ұлттық ұстанымын насихаттау.
Мектеп аруы -2025
14
март
2025
Мектеп аруы -2025
Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінде қыздар ұйымының жетекшісі А.А.Қыдырбаеваның ұйымдастыруымен "Мектеп аруы -2025" байқауы өтті. Байқауға 5-10 сыныптың арулары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бас жүлдені -5 сынып оқушысы Айытқали Айдана иеленді
Ардақты ана, аяулы ана,қымбаттым!
07
март
2025
Ардақты ана, аяулы ана,қымбаттым!
Қарашілік орта мектебінде 8-Наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай "Ардақты Ана, аяулы Ана,қымбаттым!" тақырыбында 2-сынып жетекшісі Л.Қ.Мухаметкалиеваның ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараға мектеп ұстаздары, қыздары қатысты. Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу