Материалы за Октябрь 2025 года » "Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Бес асық ойыны
31
октябрь
2025
Бес асық ойыны
Қарашілік орта мектебінің директоры Б.Н.Нурсултанов 5-6 сынып қыздары арасында өткен облыстық "Бес асық" ойынына қатысып жүлделі 2 орын алған Шердиманқызы Нұркелді, 6- сынып оқушылары Нұрлыбекқызы Аяна және Айытқалиқызы Айдананы және жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Н.Мураталинді марапаттады .
Дублер күні
31
октябрь
2025
Дублер күні
Қарашілік орта мектебінде 31-қазан күні "Дублер күні" жобасы аясында 8-9 сынып оқушылары жергілікті жердегі медициналық пунктке барып, медицина қызметкерлерінің күнделікті қызметімен танысып қайтты.
Менің Қазақстаным
24
октябрь
2025
Менің Қазақстаным
Қарашілік орта мектебінде 25-қазан Республика күніне орай "Менің Қазақстаным" тақырыбында сурет байқауы өтті. Нәтижесінде 4-сынып оқушысы Ерсалимова Гүлім, 3-сынып оқушысы Шеризатқызы Раяна, 3-сынып оқушысы Жекебайқызы Жібектің суреттері үздік деп танылды.
Қыран елім-Қазақстаным
24
октябрь
2025
Қыран елім-Қазақстаным
Ақсу ауданы,Қарашілік орта мектебінде 25-қазан Республика күніне орай 7-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Мажу Жекебайдың ұйымдастыруымен "Қыран елім -Қазақстан" тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Қауіпсіздік шаралары
24
октябрь
2025
Қауіпсіздік шаралары
Қарашілік орта мектебінде ДТІЖО Б.М.Баденова "Күзгі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Берекелі Алтын күз
22
октябрь
2025
Берекелі Алтын күз
2025 жылдың 22-қазаны күні Қарашілік орта мектебінде күз мерекесіне орай "Берекелі Алтын күз" іс-шарасы өтті. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі С.Н.Манибекованың ұйымдастыруымен тәрбиеленушілер шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шараға ата-аналар толық қатысты. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп көрермендердің көңілін көтерді. Іс-шара жоғарғы дейгейде өтті. 
Таңғы жаттығу
21
октябрь
2025
Таңғы жаттығу
2025 жылдың 21 қазаны күні мектеп ұжымы, оқушылар бірлесе таңғы жаттығу жасады. Оқушылар толық қатысты. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау
Отан тарихы -кітап бетінде
15
октябрь
2025
Отан тарихы -кітап бетінде
2025-2026 оқу жылының 20 -қазаны күні оқушылар 1-11 сынып оқушылары арасында 25-қазан Республика күніне орай "Отан тарихы -кітап бетінде" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Таңғы жаттығу
14
октябрь
2025
Таңғы жаттығу
2025-2026 оқу жылынан бастап әр аптаның сейсенбі күндері Қарашілік орта мектебінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында таңғы жаттығу ұйымдастырылады. Мектеп оқушылары толық қатысты. 
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік
02
октябрь
2025
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік
2025 жылдың 02 қазаны күні Ұстаздар күніне орай 4-сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.К.Исабекованың ұйымдастыруымен "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік" атты мерекелік кеш өтті. Кештің қонағы ретінде қарт ұстаздарымыз шақырылды. Зейнеткер ұстаздар жас ұрпаққа алғыс айтып, батасын берді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.