"Қазақстан балалары көктем шақырады!" » "Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
22
март
2021

"Қазақстан балалары көктем шақырады!"

Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінде 20-31 наурыз аралығында "Қазақстан балалары -көктем шақырады!" тақырыбында көктемгі каникул шаралары ұйымдастырылды. Мақсаты: каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану
20-наурыз -Даналық пен білім күні деп аталып 1-4 сынып оқушылары арасында мақал-мәтелден, жаңылтпаш, жұмбақ жасырудан жарыс ұйымдастырылды.
21-наурыз "Ұлттық тағамдар күні" 7- сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Мажу Жекебайдың ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық дастархан әзірленіп, таныстырылым жүргізілді.
22-наурыз күні "Ұлыстың ұлы күні" ұлттық тәрбие бағытының шеңберінде 8-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Р.Б.Мухаметкалиеваның ұйымдастыруымен "Ата-баба дәстүрі асыл қазына" тақырыбында іс-шара өтті. Бұл күні ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, "Тұсау кесер" дәстүрінен үзінді көрсетілді.