мектеп тарихы » "Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2019

мектеп тарихы

«Қарашілік орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталағымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарашілік сегіз жылдық мектебі болып 1964жылы ашылды. Алғашқы ұстаздар Тұрсынбеков Кәдірсіз,Телжанов Нұрқас,Солтанбаев Мүсірәлі,Маусымбекова Дәметкен,Мамырайымова Ғиза болды. 1967-1968 оқу жылынан бастап Қарашілік сегіз жылдық мектебінің директорлығына Кәстекбаев Нұрсәлім тағайындалды.21 жыл мектепті басқарып,1988 жылы құрметті демалысқа шықты.Осы жылдар ішінде аудан,облысың бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталды.Республикалық мұғалімдер слетының делегаты болды.Сол жылдары Омарова Күнсағила,Оразалина Ұлжалғас,Қасқарбаева Әсет, Құсайынбеков Бәйсәлім,Тасқынбаев Айтмұханбет ұстаздық етті. 1988-1993 жылдары Қарашілік сегіз жылдық мектебінің директоры Солтанбеков Әділжан,1993-1994жылдары Қалиақпаров Жанат болды.1994 жылы Әбішева Мәкен мектеп директоры болды. Көпірбаева Күлтай Байдарханқызы-«Қазақстан республикасының білім беру ісінің озаты»және Өрісбаева Манат Орынқызы Қазақстан Республикасының«Құрмет грамотасымен»марапатталған тәжірибелі ұстаздар еңбек етті.
2007-2008 оқу жылында орта мектеп болды.2009 жылдан бастап мектеп директоры Муратбеков Аян Тұрсынбайұлы болып сайланды. Мектептен 3 «Алтын белгі» иегерлері ,1 «Үздік аттестат» иегері шықты.2013 жылы мектеп директоры Өрісбаев Асқар Орынұлы болып тағайындалды.
Жаңа мектеп 2008 жылы салынған.Мектеп 2-қабатты ғимараттан тұрады. Сыйымдылығы -180 оқушыға арналған.
«Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 сынып комплектісі бар. 1-11 сыныпта 140 оқушы бар. Мектепте 22 оқу үздігі, 67 оқу екпіндісі бар. Мектеп бойынша білім сапасы -64 %. Оқу үлгерімі -100 %. Биылғы оқу жылында 11-сыныпты 11 оқушы бітірмекші. «Алтын белгіге» үміткер оқушы жоқ. ҰБТ-ге 10 оқушы қатысады. Негізгі мектепті 14 оқушы бітіреді. «Үздік куәлікке» үміткер оқушы саны- 4. Оқушыларға 26 мұғалім дәріс беруде. Оның 23 жоғары білімді, 2- арнаулы орта,1- аяқталмаған жоғары білімді . Жоғары санатты мұғалім саны-3 , бірінші санатты- 8, екінші санатты- 7 мұғалім . Кембридж бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курсынан өткен мұғалім саны-4. Аудандық пән олимпиадасына 13 оқушы қатысты. 7 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Аудандық «Дарын», КҒА 6 оқушы қатысты. 6 оқушы да жүлделі орынға ие болды. Облыстық кезеңде 9-сынып оқушысы Тергеу Аяжан 3-орын иеленді. 2017-2018 оқу жылында мектеп аудандық «Үздік ауыл мектебі -2018» байқауына қатысып ,1-орынға ие болды. Облыстық кезеңде 3-орынды иеленді.


мектеп тарихы