"Бес асық" ойыны
Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінде 2021 жылдың 18 наурызы күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұмыт болған ойындарды насихаттау мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдері М.Н.Мураталин мен А.Надирбеков 7-8 сынып оқушылары арасында "Бес асық" ойынынан жарыс ұйымдастырды. Жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.